Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жылу беру маусымы: Өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды

Жылу беру маусымы: Өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды

Kyzylorda-news.kz. 15 тамыздан бастап Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қала мен қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде тұрмысы төмен және аз қамтылған жанұяларға тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Бұған қоса, «АЛАУ ГАЗ-АЙМАҚ» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесіп, қала әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес қатты отынмен жылытылатын аз қамтылған отбасылардың моржаларын тазалау және көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары қолға алынған.
«Қазіргі таңда түсіндірме жұмыстары барысында қала өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының волонтерлары жұмылдырылып, барлығы 1 мың 384 тұрғын үй араланып, 6 мың 596 адам қамтылды. Аталған түсіндірме жұмыстары жылу беру маусымы аяқталғанға дейін жалғасын табатын болады. Қала тұрғындарын төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырамыз», – дейді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.
11 қыркүйек 2020 ж. 172 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области