Заңсыз балық аулаған Арал ауданының тұрғыны ұсталды

Ұсталған азаматтан қайық, 5 дана ау және 126 кг балық алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Сондай-ақ, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылмақ. Немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынып, жазаланатын болады»,- делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.