Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы жаңартылады

Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы жаңартылады

Kyzylorda-news.kz. Биыл Байқоңыр қаласын дамытудың 2020-2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама алты бөлімнен тұрады. Қаланың сумен жабдықтау және кәріз жүйелері қайта жаңғыртылады, ғимараттар мен жолдар жөнделеді, демалыс аймақтары, қалалық саябақ пен скверлер абаттандырылып және әлеуметтік сауда, ойын сауық объектілері салынады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік 42 адамға 23 млн. теңге мемлекеттік грант берілді. Әлеуметтік жұмыстарға 57 адам жіберілді, жастар тәжірибесіне 118 адам, қоғамдық жұмыстарға 196 адам тартылды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес, Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде электр желілерін реконструкциялау, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, білім беру мекемелерін жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. 610 жұмыс орны ашылды, оның 306-сы Байқоңыр қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды», – деді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқарма басшысының міндетін атқарушы Жан Шайхысламов.
Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ҚР азаматтарына берілді. Тағы 5 көппәтерлі тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаты әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталады. Қаладағы барлық яғни, 323 көпқабатты тұғын үй көгілдір отынға қосылды. Бұрын тұрғындар сұйылтылған газдың әр текше метріне 800 теңге төлеген болса, қазір табиғи газдың бағасы 20,7 теңге.
14 қыркүйек 2020 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области