Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мәні – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қызметін жүзеге асыру орындарында, технологиялық жолдарда қауіпті жүктерді, тауар-материалдық құндылықтарды және жолаушыларды тасымалдау кезінде, тәуліктің қараңғы уақытында жергілікті халықтың ірі үй жануарларына жарық шағылыстырғыш таспаларды (қарғыбауларды) тағу жолымен жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Үй жануарларының жайылу орындарының бірі – жол жиегі. Сондықтан, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын – алу жұмыстар жүргізу және ірі үй жануарларымен соқтығысудан жол – көлік оқиғасы тәуекелдерін төмендету маңызды.
Осыған орай, жол – көлік оқиғаларын болдырмау үшін, жарық шағылыстырғыш таспаларды пайдалануды енгізу қажет, бұл жүріс бөлігіне жақындап келе жатқан жануарды байқауға мүмкіндік береді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімдікке өтеусіз негізде 3930 дана жарық шағылыстырғыш таспалар береді, Әкімдік оларды жануарлардың иелеріне таратып, жарық шағылыстырғыш таспаларды пайдалану қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
14 қыркүйек 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области