Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьер құрықталды

Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьер құрықталды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлері толықтай жойылу қаупіне ұшырады. Солардың бірі қарақұйрық аңы.
«Охотзоопром» ӨҚ-нің және полиция қызметкерлерінің бірлескен іс-шаралары барысында Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылы тұсында тоқтап тұрған Нива маркалы автокөлігінен атылған қарақұйрық және екі қоян алынды. Сонымен қоса автокөліктен еш құжатсыз тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы, 10 дана оқ заттай дәлелдеме ретінде алынды. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды. Күдікті тұлға Жаңақоған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қазіргі таңда, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен(жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Одан бөлек, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482 бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік шара қолдану үшін құжаттар жинақталуда.
15 қыркүйек 2020 ж. 179 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области