Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоян атамын деп көлігінен айырылды

Қоян атамын деп көлігінен айырылды

Қазалы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекция қызметкерлері рейд барысында былтыр қараша айында Ақтан батыр ауылына қарасты «Алайғыр» көлінің жанында заңсыз аң аулағандарды ұстаған болатын, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күдікті «Опель Фронтера» маркалы көлігімен жүріп аң аулаған. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 1 дана прожектор, 16 калибрлі және 12 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ атылған 10 қоян табылды.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
«Қазалы аудандық сотының 2019 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен мемлекет пайдасына ортақ түрде барлығы 262 мың 670 теңге өндіріліп және «Опель Фронтера» маркалы автокөлігі, 2 аңшы мылтығы тәркіленді. Сонымен қатар, аң аулауға тыйым салынған прожектор құралы жойылды», – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Айта кетейік, алдағы уақытта да Қызылорда облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы саласы құрылымдары облыс көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау жұмыстарын жалғастырады.

22 ақпан 2019 ж. 498 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области