Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қоян аулағаны үшін сотқа тартылды

Қоян аулағаны үшін сотқа тартылды

Арал аудандық сотында заңсыз аң аулаған үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыпталушылардың айтуынша, олар Ә.-ның басқаруындағы мотокөлігімен түнгі мезгілде заңсыз қоян аулаған. Рейдтік іс-шара кезінде И., Д. және Ә. полиция қызметкерлеріне ұсталып, мотокөлікті тексеру кезінде, оның ішінен 2 өлі қоян, аңшы мылтығы және жарық түсіргіш прожектор табылып, айғақ зат ретінде алынған. Сотталушылар өздерінің заңсыз әрекеттерімен мемлекетке 36075 теңге көлемінде залал келтірген.
Сот үкімімен айыпталушы үш заңға қайшы келетін теріс қылық танытқандары үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге аңшылықпен айналысу құқықтарынан айырылып, оларға 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 48100 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Заттай дәлелдеме ретінде танылған аңшы мылтығы мен мотокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді.
28 желтоқсан 2018 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области