Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Kyzylorda-news.kz. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атас айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды. Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген.
Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтайды.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Еске салсақ, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері шектеу шараларына қатысты қаулысына 28 тамызда өзгерістер енгізілген болатын.
17 қыркүйек 2020 ж. 311 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области