Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді

Қызылордада бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында 17 маусымнан бастап жаңа шектеулер енгізілді.
Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы 7 пайыздан асып кетті. Осыған орай індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 қаулысы қабылданды.
«Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған, кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалады», – деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.
Аталған қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Қаулы негізінде бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгерістер енгізілді.
«Аймақта көпшілік іс-шараларды, ұжымдық барлық жиындарды өткізуге болмайды. Бала бақшалардың кезекші топтарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшалардың жұмысына, мешіттерде жұма намазын өткізуді, діни үйлерде дәстүрлік шаралар өткізуге тыйым салынды. Шектеу шараларынан кезең-кезеңмен жеңілдету кезінде жұмысты қайта бастаған салалар мен объектілердің тізбесін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру және мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер жұмысын жүргізуге болмайды. Сондай-ақ, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, кинотеатрлар, түнгі клубтар және фут-кордтар қызметтеріне, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салынды»,- деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.
17 маусым 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области