Қызылордада мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды

Қызылордада биылғы оқу жылында 6059 бітіруші мектепті аяқтады. Олардың 548-і «Алтын белгі», 363-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Мектеп бітіруші оқушылардың соңғы қоңырау шарасы мен аттестат алу рәсімі біріктіріліп өткізілді. Аттестат тапсыру барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталды. Шараға қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтық, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу талап бойынша сақталды. Шарада түлектердің тек ата-анасы немесе заңды өкілдері қатыстырылды.