Қызылордада балабақшалар жұмысын жалғастырады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №12 қаулысына сәйкес 18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен балабақшалар жұмысын қайта бастау жоспарлануда.
Бүгінде балабақшаларда кезекші топтарды ашуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балабақшаға бірінші кезекте ата-аналары жұмыс жасайтын, балаларды үйге қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасы балалары қабылданады. Сондай-ақ, балаларды учаскелік педиатордың рұқсат қағазымен қабылдайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 576 балабақша жұмыс істейді. Оның 161-і мемлекеттік, ал 415-і жеке меншік.