Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатты. Қалған өңірлерде балабақшалар штаттық режимде жұмыс жасауда. Алайда балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда балалардың балабақшадағы орны сақталады»,- деді ол.
Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды.
«Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз, жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз балалар жиналған кезекші топтар жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет», - деді Дәурен Абаев.
26 наурыз 2020 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области