«БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАҒА АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ БӨЛУ ЖҮЙЕСІ» ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жобалардың бірі «Балаларды балабақшаға автоматты түрде бөлу жүйесі».
«Е-ДДО» тұғырнамасы базасында «Data Evolution» ақпараттық жүйесімен қолға алынған жобаны жүзеге асыруға қалалық бюджет есебінен 67 млн. 864 мың теңге бөлінді.
Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтамасыз етілу мәселесі бүгінде түбегейлі шешілген. Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарымен айналысып жатқан жеке балабақшалар да, мемлекеттік балабақшалар да көп. Бұған дейін, мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларға балаларды орналастыру үшін қалалық білім бөлімімен Е-Акимат базасы арқылы жолдамалар беріліп келген болатын.

Жобаның мақсаты:
- балабақша жұмысын автоматтандыру процесіне көшіру;
- балаларды кезекке қою (тіркеу);
- жолдама беру;
- персоналды басқару;
- балабақшаларға балаларды тіркеу;
- аналитикалық-статистикалық есеп жасау.
Аталған жобаның бірінші кезеңінде барлық жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға оқу курстары өткізіліп базасы енгізілді. Қазіргі таңда курстың екінші кезеңі жүріп жатыр, яғни, «Е-ДДО» базасына барлық 245 мектепке дейінгі ұйымдарының мәліметтері енгізілуде.
Әрбір мектепке дейінгі ұйым «Е-ДДО» базасына балабақша туралы мәліметті, тәрбиеленуші балалардың тізімін, ондағы педкадр мен кадрлық бос орындар жөнінде толық мәліметтер енгізіледі. Барлық ай сайынғы көрсетілетін қызмет түрлері (жолдама беру, атқарылған жұмыстың актілерін қабылдау) электронды түрде жүзеге асырылады.