АҚПАРАТТЫ ЖЫЛДАМ ӘРІ САПАЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздегі білім беру саласындағы реформалар мен жасөспірім тәрбиесіндегі жаңа үлгідегі әлемдік трендтер жаңалықтарын, жастарға қажетті пайдалы кеңестер мен ақпараттардың жылдам және сапалы жеткізу мақсатында «Қазақстан ата-аналарының Ассоциациясы» қоғамдық ұйымы мен әрбір ата-ананың ұялы байланыстарындағы чатқа қосылуға мүмкіндігі ашылғанын жеткізеді.
Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті мамандарының айтуынша, республикалық чатқа қосылу арқылы әр ата-ана баласына қажетті әрі пайдалы ақпараттар алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Яғни, ол білім саласындағы соңғы жаңалықтарды осы чат арқылы біліп отырады. Ол үшін Ассоциацияның номерін (+7 771 020 1309) өз чатыңызға қосып алуыңыз керк. Бұған қатысты сұрақтар бойынша Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментіне (27-05-47) телефоны арқылы хабарласуға болады.
Чатқа Ассоциация номерін қосу арқылы мәліметтер арнайы автоматтық жүйеде сіздердің чаттарыңызға келіп түседі және ол мәліметті жіберуші тараптан чат ішіндегі жазылымдар оқылмайды және сұрақтарыңыз бойынша жауап берілмейді. Тек мәліметтер тарату мақсатында жүргізіліп отырады.