Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

АРАЛДЫҢ ӨНДІРІСІНДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР


    Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы аясында жалпы құны 114,0 млрд теңгені құрайтын 84 жобасы іске асырылатын болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.
    Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Мұхтар Әуесұлы алдағы атқарылатын міндеттерге де тоқталып өтті.
    2018 жылы 29,4 млрд теңгені құрайтын 37 жобаны іске асыру межеленсе, оның 29 жобасы нақты осы жылы іске асырылады, ал қалған 8 жоба 2018 жылға өтпелі жобалар болып табылады. Соның ішінде, осы жылы бастау алатын мега-жоба – бұл «Кальцилендірілген сода өндіру» зауытының құрылысы.
    Ауданға өткен жылы тартылғын инвестиция көлемі 10,5 млрд теңге. Сондай-ақ, өнеркәсіп орындары 9,0 млрд теңгеге жуық өнімдерін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады.
    «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан 3,7 млрд теңгенің 7 жобасы енгізілді. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, 2017 жылы қосымша 2 жоба іске қосылды. Ол «Қаптама кірпіш өндіру» жобасы мен «Асфальт-бетон зауыты» жобасы. Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген 93,5 млрд теңгенің «Кальцилендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады» - деді Мұхтар Әуесұлы.

08 ақпан 2018 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области