Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Kyzylorda-news.kz. Ауа райының салқындауына байланысты күз және қыс мезгілдерінде ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе, дәл қазіргідей бүкіл әлемдік пандемиялық жағдайда денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру маңызды.
Мұндай жағдайда таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, жаман әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз. Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйқы және эмоционалды тыныштықты қамтамасыз ету де маңызды. Сонымен қатар, микроэлементтер мен витаминдерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып, әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болады.
Дәрігерлердің айтуынша, иммунитетті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәруменді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.
Сондай-ақ, дұрыс тамақтану да иммунитетті нығайтуда көп пайдасын тигізеді. Көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақтар, ботқа – қажетті микроэлементтерге бай азық-түліктер.
21 қыркүйек 2020 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области