Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында оқушылар үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Арал ауданында оқушылар үйінің құрылысы аяқталуға жақын

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аудан көлемінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік маңызы зор бірнеше құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен қаладағы бой көтерген 250 орындық жаңа оқушылар үйі ғимаратына барып, ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстарын көрді. Аталған нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Жуық арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Одан кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Арал индустриалды-техникалық колледжінде» болып, жөндеу жұмыстарына қанық болды. Колледж ғимараты екі қабаттан тұрады. Қазіргі таңда жеңімпаз ретінде танылған Қызылорда қаласының «Самат-Мұнай» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары барысында жергілікті жердің азаматтары да жұмыспен қамтылған.
Мұнан соң ауданға қарасты Октябрь ауылдық округі, Шижаға елді мекеніне ат басын бұрған аудан басшысы жаңадан салынып жатқан медициналық амбулаторияның жай-күйіне қанықты. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған ғимаратта әрлеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әлеуметтік нысанды жақын арада ел игілігіне беру жоспарлануда.
Бірнеше құрылыс нысандарында болған аудан әкімі мердігер мекеме басшылары мен жауапты мамандарға тұрғындар үшін маңызы зор ғимараттардың құрылысы сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы тиіс екендігін тапсырды.


23 қыркүйек 2020 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области