Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбейді
Kyzylorda-news.kz. Бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 4 адам көз жұмды. Пневмониядан қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды, ковидтік пневмониядан көз жұмғандар 1 тамыздан бері алғаш рет тіркелген жоқ.
Бір тәулікте 76 адам жұқтырды, 364 адам пневмонияға шалдықты.
13 наурыздан бері республикада 107 450 пациентте коронавирус диагнозы расталды, 1 707 науқас қайтыс болды.
Ал 1 тамыздан бері 31 532 науқас пневмонияға шалдықты, 345 науқас көз жұмды.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Пациенттердің арасында 101 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 14 науқас хәл үстінде жатыр. 20 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.