Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні

29 қыркүйек - Дүниежүзілік жүрек күні

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік жүрек күні «Өмір үшін жүрек» ұранымен өткізіледі. Негізгі міндет-жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары, олардың пайда болу себептері және алдын-алу жолдары туралы хабардардар ету.
Жүрек-қан тамырлары аурулары елдің және аймақтың ауруларының қайғылы көшбасшылығында. Бұл аурудың алдын алу және емдеуге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде ерекше назар аударылған.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, қан айналымы жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және негізгі созылмалы аурулар тізбесіне кіреді. Яғни, аталған аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандарға консультациялық – диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек тегін қолжетімді.
ТМККК тыс басқа да қосымша қызметтер МӘМС медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Дәлірек айтқанда, сақтандырылған азаматтар үшін бейінді мамандардың қызметтері, диагностикалық тексерулер (КТ, МРТ, УДЗ), жоғары технологиялық медициналық қызметтер, зертханалық диагностика, күндізгі, тәулік бойы стационар қызметтері, медициналық оңалту және қалпына келтіру емі қолжетімді. Ең бастысы, сізге дәрігердің негізделген жолдамасы қажет.
Сақтандырылғандардың арасында азаматтардың 15 жеңілдігі бар санатындағы тұрғындар да бар (сілтеме бойынша тізім: https://fms.kz/kk/content/azamattardyn-zhenildigi-bar-sanattary).
Жүрекке жасалатын операциялар - қымбат тұратын медициналық қызметтердің бірі.
«Қызылордада облыстық кардиохирургиялық орталық құрылғаннан бері, 10 жыл араларығында, 12,5 мыңнан астам коронарография жасалды, оның ішінде 4 мыңға жуық стенттеу. Сондай-ақ, 1,5 мыңға жуық кардиохирургиялық, 360 аритмологиялық ота жасалды. Жоғарыда аталған барлық медициналық қызметтер ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілген. Жалпы, жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары бар 35 мыңнан астам науқас емделді. Бұл елдегі өлімнің төмендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, егер 1996 жылы бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 484,2 құраса, 2018 жылы ол 181,67 - ге дейін төмендеді», - деп хабарлады көпбейінді облыстық аурухананың кардиохирургиялық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Берік Дәуітбаев.
МӘМС жүйесін іске асырумен, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігімен мамандар сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуін және медициналық қызметтер сапасының артуын күтуде.

29 қыркүйек 2020 ж. 336 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области