Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданы: 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

Арал ауданы: 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

Kyzylorda-news.kz. Соңғы үш жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 13300 гектар жеріне сексеуіл егілді. Жоба Қазақстанның биоалуандығын сақтау қорымен Оңтүстік Корея мемлекетінің қайтарымсыз қаржысы есебінен жүзеге асты.
Арал теңізінің құрғап қалған табанындағы орман мелиорациясы жұмыстары үшін арнайы питомниктерде сексеуіл көшеттері өсіріліп, дайындалады. Жоба аясында теңіз табанына үш жылда 5 миллион түп сексеуіл көшеті отырғызылды.
«Үш жылға жоспарланған жобаның негізгі мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту. Өздеріңізге мәлім, Аралда кұм көшкіні көп болады. Сондықтан сексеуіл таңдалды. Оның бір тамыры 4 тоннаға жуық құмды ұстап тұруға қабілетті», - деді облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев.
Жалпы, 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арал теңізінің құрғап қалған табанының 190 мың гектарына сексеуіл егілді.
29 қыркүйек 2020 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области