Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сексеуілді кесуге мораторий 5 жылға ұзартылды

Сексеуілді кесуге мораторий 5 жылға ұзартылды

Қазақстанда сексеуіл кесуге тыйым салу мерзімі тағы 5 жылға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін мұндай шектеу еліміздің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы негізінде 2015 жылдан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізілген болатын.
Атап өтілгендей, табиғатты қорғауға бағытталған осындай шаралар негізінде Қазақстанда сексеуіл плантацияларының көлемін арттыру мүмкін болды.
Бүгінде Сыр өңіріндегі орманды жерлердің 87 пайызында шөлге шыдамды ағаштың осы түрі өседі. Айта кетейік, «Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту» жобасы аясында 2008-2014 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 57 мың гектардан астам сексеуіл, сарсазан тәрізді, шөлге, сортаң топыраққа бейімді ағаш-бұта түрлері отырғызылды. Биыл тағы 10 мың гектар теңіз ұлтанына сексеуіл егілмек.
«2018 жылы осы күнге дейін сексеуіл плантацияларын заңсыз кесудің 49 дерегі тіркелді. 10 азаматқа айыппұлдар салынды, үш адам 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Тағы екі адам бір жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 25 сотталушы табиғатқа келтірген шығынды өтегеннен кейін сот шешімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - деді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Айбек Жолақанов.


03 қаңтар 2019 ж. 597 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области