Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕКСЕУІЛДІ СИРЕТІП ЖАТҚАН ӨЗІМІЗ

СЕКСЕУІЛДІ СИРЕТІП ЖАТҚАН ӨЗІМІЗ


    Бүгінде сексеуіл ағаштарын кесуге де, сатуға да заңмен тыйым салынған. Алайда орман отап, пайда табатындар алқаптарға балта сілтеуден әлі тайынар емес. Себебі қызыл шоғының қызуы зор өсімдіктің өтімділігі жоғары, деп хабарлайды 24 kz теларнасы.
     Қызылорда облысының тәртіп сақшылары өткен жылы сексеуіл саудалау бойынша 50-ге жуық іс қозғаса, табиғат қорғаушылар мемлекеттік орман қорына зиян келтірген 40 шақты деректі анықтады. Аймақтың құм көшкінінен қорғаныштық қалқаны саналатын сексеуілді аяусыз кесіп, сату жағдайлары заңмен шектелсе де, әсте тоқтайтын түрі жоқ. Кафе, дүңгіршек, жеке сауда орындарында жасырын саудаланады.
     Қара базарда 5-6 сексеуіл сүрегі салынған әр қаптың құны 500 теңге шамасында. Полиция қызметкерлері ескерту парақшаларын таратып, ұсталғандарын жазаға тартқанымен, заңсыз отын сату бизнесінен бас тартушылар азаймай отыр
    – 2017 жылдың басынан заңсыз сексеуіл сындырған 47 дерек анықталып, ол бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті процессуалдық шешімдер тапты, – дейді  . ЖПҚ табиғат қорғау полициясы бөлімінің инспекторы Жолдас Өтепбергенов.
    Баз біреулер тәртіпке бас имей, тек пайда ойласа, орман шаруашылығы қызметкерлері өсімдік қорын молайту жолында еңбек етуде. 1990 жылдардың басында 54 мың гектар жерге сексеуіл егу басталған. Қаржы тапшылығынан ол іс аяқсыз қалып, тек 2002 жылы қайта жалғасты. Бұл ретте халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған жобалар жемісін беріп отыр. «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы Айбек Жоламановтың айтуынша 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан ормандарын сақтау және өсімдік қорын молайту жобасы жүрді. Дүниежүзілік Даму банк қолдауы есебінен 57 мың гектар алқапқа сексеуіл егілген. 2017 жылы орман шаруашылығы мекемелері 10700 гектарға сексеуіл екпелерін тікті, оның 5 мың гектары Арал теңізінің ұлтанына егілді.
    Сексеуіл сатқандар 200 ден 300 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл салынып, 75 тәуліктік әкімшілік қамаққа алынады. Сонда да аймақтағы 2,7 млн гектар сексеуіл алқабын қорғаушы орманшыларға тыныштық жоқ. Өйткені айналаны ашкөздене торуылдап, түн жортып, балтасын ағашқа кезенетіндерге тоқтам болмай тұр.  

15 қаңтар 2018 ж. 908 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области