Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЙДЫ

БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЙДЫ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев айтты.
    Қызылорда облысындағы мемлекеттік орман қоры жерінің аумағы 6506,7 мың гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген жерлер 3038,8 мың гектар болып отыр. Осы орманды жерлердің 2703,5 мың гектарын яғни 89 пайызын сексеуіл алқаптары құрайды.
    Сонымен қатар, облыста жалпы көлемі 160,8 мың гектар болатын  «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» орналасқан.
    – Қызылорда облысы әкімінің 10.10.2017 жылғы №897 қаулысымен қорық аумағы 2300 гектарға кеңейтілді. Аумақта жалпы аумағы 7346,7 мың гектарды құрайтын 34 аңшылық алқаптар аң ісін пайдаланушыларға берілген, осы жылы оның 8 аңшылық алқабы аумағы 2279,7 мың гектарды құрайтын резервтік қордан бекітілген, – дейді инспекция басшысы.
    Инспекция Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісілген және ішкі істер, прокуратура, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарларына сәйкес жұмыс атқарып келеді.

13 қараша 2017 ж. 10 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области