Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КОРЕЙЛІКТЕР АРАЛ КЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

КОРЕЙЛІКТЕР АРАЛ КЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ


    Бүгін Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қорының дирекция бастығы Асылхан Асылбеков бастаған топ Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде болып, Оңтүстік Корея Республикасының қаржыландырылуымен Кіші Арал теңізінің ұлтанына сексеуіл егу және өңір климатын жақсартуға бағытталған шараларды бастады.
    Яғни, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов, облыстық табиғи ресурстар бөлімінің басшысы Байкенже Ахметов және жоба менеджері Нұрлан Райымқұловтар аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қажетіне «Белорус» тракторын тіркемесімен, 8 адамға арналған, іші заманауи үлгіде жабдықталған орманшылар вагонын және соқа мен УАЗ автокөлігін табыс етті.
    Орманшылар қуанышында шек жоқ. Жаңа тракторды тізгіндеген механизатор Ертай Маханов қордың қамқорлығына өз ризашылығын білдірсе, су жаңа автокөлік рөліне отырған Бақытбек Битенов осы кезге дейін сексеуіл егу үшін теңіз ұлтанына қатынайтын орманшылар ендігі жерде жол қиындығын көрмейтініне тоқталды. Ал, осы мекеме қызметкері Мұратбек Смайлов егілген сексеуілдің осы уақытқа дейінгі өсуі жоғары көрсеткішке жеткенін алға тартып, алдағы уақытта да бұл нәтиже еселене беретінін айтты.
    Иә, табаны сортаңға айналып, бүкіл әлемнің үрейін туғызған Арал теңізін қалыпқа келтіру жолында жыл сайын игі істер көптеп қолға алынуда. Жуырда ғана облыс әкімінің бастамасымен және Біріккен Ұлттар Ұйымы «Даму» бағдарламасының қолдауымен Астана қаласында Арал өңірінің жағдайын жақсартуды көздеген «Арал достары» атты халықаралық экономикалық симпозиумының өткені жоғарыдағы сөзімізге дәлел. Оған тиісті министрліктердің өкілдері, жаһандық деңгейдегі қауымдастықтар мен қаржылық ұйым мүшелері қатысып, аудан экономикасының әлеуетін жақсартуға негізделген мәселелердің түйіні тарқатылғаны көпшілікке мәлім.
    Ізгі шарада сөз алған Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау қорының дирекция бастығы Асылхан Даирұлы:
    - Ел үшін маңызды жоба тәуелсіздік алған жылдардың басында-ақ қолға алынған еді. Нақтырақ тоқталсақ, осыдан 25 жыл бұрын халықаралық Аралды құтқару қоры құрылып, кенезесі кепкен теңізді қалпына келтіру үшін барлық жағдайлар қарастырылды. Олардың арасында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Оңтүстік Корея мемлекетінің қаржыландыруымен Қазақстанның биоалуандылығын сақтау қоры арқылы 2018-2019 жылдары 10 000 гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары да бар. Бүгін соның алғашқы қадамын жасадық. Орманшыларға қолайлы жағдай туғызу үшін қажетті техникалар қор есебінен алынып берілді. Енді тек табиғат жанашырларынан нәтижелі жұмыс күтеміз, – деді.
    Ақжал толқыны жағаға ұрған теңіз тартылған кезде, ата қоныстан үдере көшкендердің қатары көбейгенін жасыра алмаймыз. Алайда, Көкарал бөгеті салынып, САРАТС-І жобасы қолға алынған шақта бәрі қалпына келді. Айдын бетін ақ шағала шиырлап, балықшылық кәсіптің көкжиегі кеңейді. Ендігі жерде теңіз ұлтанына секесеуіл көшеттерін отырғызуға айрықша көңіл бөлінуде. Біз Қамыстыбас ауылына жасаған сапарымызда осыны анық байқадық. Лайым қолға алған іс жемісін бергей.




26 наурыз 2018 ж. 641 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области