Сырдарияда облыстық «Nur otan» партиясының көшпелі отырысы өтті

Жиынды Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев ашып беріп, Елбасы – Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап бергенін айтып өтті, соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Бұл бастама тікелей көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Күн тәртібінде көрсетілген мәселер бойынша облыстық мәслихаттың «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, кеңес төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Балалардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық кеңестің Сырдария ауданында өткен көшпелі кеңес отырысының мақсаты мен міндетін түсіндіріп, осы бағытта баяндама жасау үшін хабарламашыларды таныстырып өтті.
Кеңес отырысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Балалар мен балалары бар отбасыларының және халықтың басқа да нысаналы топтарының осалдығының әр түрлі әлеуметтік-экономикалық тәуекелді жағдайларын басқару және әлеуметтік сүйемелдеу туралы» тақырыбында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Әбдікәрімов баяндама жасады.
Осыдан кейін аудан бойынша осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырып отырған жедел әрекет тобының атқарылған жұмыстарына тоқталып, олардың хабарламалары тыңдалды. Хабарламашылар (Н.Ильясов ауылдық округінің әкімі, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру саласының басшысы, білім және денсаулық, полиция бөлімінің тиісті жауапты мамандары) өздерінің салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кеңес төрайымы әрбір сала бойынша тиісті жұмыстарды бірлесіп жүргізу керектігін айтып өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге байланысты тиісті ұсыныстарын енгізді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселемен Қызылорда қаласының «Бақытты отбасы» орталығының директоры М.Наримова баяндама жасап, осы бағдарлама аясында қажетті ақпараттарымен бөлісті.
Кеңес төрайымы Н.Байназарова «Бақытты отбасы» жобасының мәселесі өзекті әрі маңыздылығын барлық қатысушылардың назарларына жеткізе отырып, осындай семинарды барлық ауданда өткізу керектігін айтып өтті. Ендігі кезекте «Бақытты отбасы» жобасының Қазалы және Қармақшы аудандарында жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырып, осы жиынның хаттамалық шешімімен бекітілді.
Қатысушылардан күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты түрлі сауалдар қойылып, тиісті сала мамандарынан тұщымды жауаптарын алды.
Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.