Қызылордалық зілтеміршілер онлайн əлем кубогіне қатысады

Онлайн жүйеде алғашқы мəрте өтетін байрақты бəсекеге Сыр елінен төрт спортшы қатысады.
Атап айтсақ, Азамат Төлеген (61 келі), Мейрамбек Əбдіхалық (73 келі), Айсамал Сансызбаева (+81 келі) жəне Рахат Бекболат (96 келі) Қазақстан намысын қорғайды.
Əлем кубогіне Қазақстаннан жеті спортшы бақ сынасатын болса, оның төртеуі Қызылорда облысының спортшылары.
Спортшылардың шығатын уақыты:
А. Төлеген, 12 қараша 13:30;
М. Әбдіхалық, 14 қараша 16:30;
Р. Бекболат, 17 қараша 11:00;
А. Сансызбаева, 18 қараша 13:00.