Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қызылордалық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Қызылордалық зілтемірші Рахат Бекболат Лас-Вегаста жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Əлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Спортшыларымыз екі алтын медальмен жарыс күнін аяқтады. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ольга Пастухова қоссайыс бойынша 215 келі салмақты бағындырып (92 келі жұлқи көтеруде жəне 123 келі серпе көтеруде) алтын медаль иеленді. Сонымен бірге, қазақстандық ауыр атлеттердің өнерін Рахат Бекболат керемет аяқтады. 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол қоссайыста 323 келі салмақты көтеріп (144 келі жұлқи көтеруде және 179 келі серпе көтеруде) бірінші орынға ие болды», - делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарламасында.
АҚШ-тың Лас-Вегас штатында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғады. Ел қоржынына алғашқы медальды 16 жастағы спортшы Сайрамкез Ақмолда салды. Одан соң Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайыстың екінші күні 67 келіге дейінгі Сайхан Тайсуев қоссайыста 288 келі көтерген болатын.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медальді Сыр өңірінің тумасы Есенгелді Сәпи салған болатын.

14 наурыз 2019 ж. 597 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области