Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 жасар қызылордалық ауыр атлет АҚШ-та алтын медаль жеңіп алды

17 жасар қызылордалық ауыр атлет АҚШ-та алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасындағы қызылордалық 17 жасар зілтемірші Есенгелді Сәпи Лас-Вегаста өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Есенгелді Сәпи 81 келі салмақта бірінші орынды жеңіп алды. Ол жұлқа көтеру бойынша 134 келі, серпеден 175 келі көтерді. Екі әдістің нәтижесі бойынша 309 келі көтерген.
Есенгелді Сəпи Жалағаш ауданы, Ақарық ауылының тумасы. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, 2018 жылы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанса, 20 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Ол қазіргі таңда Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 11-сыныбында оқиды. Есенгелдіні жарысқа жаттықтырушысы Арман Абдраев дайындады.
Лас-Вегаста ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Бұл чемпионатта 50 елден 13-17 жас аралағындағы екі жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан бес спортшы өнер көрсетуде. Енді ертеңгі сайыста Сыр өңірінің тумасы Бекболат Рахат бақ сынайтын болады.
"Біз бірінші күні Ақмолда Сайрамкез алған алтынды толықтыруға бар күшімізді саламыз. Қаңтарда командамыз жаттығуға ден қойды, көп тер төгіп, осының арқасында қазір жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Ертең екі спортшымыз өнер көрсетеді. Пастухова үшін мұндай жарыстар бірінші рет емес, ол тәжірибелі, ал Бекболат Рахат осындай дәрежедегі жарысқа бірінші мәрте шығады", - деді жастар құрамасының бапкері Бақыт Ахметов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақта) және Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта) әкелді. Сайхан Тайсуев жаңа әлемдік рекорд орнатты.
12 наурыз 2019 ж. 557 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области