Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы 189 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды - Алматы облысы (184 ұпай), үшінші орынды – Алматы қаласының (181 ұпай) командалары иеленді.
  Жарысқа екі қала мен еліміздің барлық өңірлерінен 200-дей спортшы 16 салмақ дәрежесінде қатысты.
  Жекелей есепте ерлер арасында 94 келіде сынға түскен Рүстем Сыбай мен әйелдер арасында 63 келіде Әсем Садықова Қазақстан жеңімпаздары атанды.
  62 келіде Ерасыл Ергенбай мен 105 келіде Александр Зайчиков - күміс, Серікбол Аманжол (77 келі), Евгений Ломанов (85 келі) және Нұржан Кеңесбек (94 келі) - қола жүлделерді еншіледі.
  Енді Р.Сыбай, А.Зайчиков, Ә.Садықова және Аят Әмірбеков қараша айында Ашхабадта (Түркіменстан) ауыр атлетикадан өтетін Әлем чемпионатына дайындалады.
  Спортшыларды жарысқа Вилорий Пак, Нұржан Смаханов, Арман Абдраев, Ержас Болтаев және Евгений Пя дайындады.










21 мамыр 2018 ж. 1 064 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области