Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Борат» төңірегіндегі дау: ҚМДБ туды қорлағандарға қатысты мәлімдеме жасады

«Борат» төңірегіндегі дау: ҚМДБ туды қорлағандарға қатысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Борат-2» фильмін қолдау мақсатында өткен флешмоб қатысушыларының мемлекеттік туды қорлауына байланысты мәлімдеме жасады.
Еске салсақ, жуырда Австралия жағажайында «Борат-2» фильмін қолдау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб қазақстандықтардың ашуына тиді. Видеодан жағажайда жалаңаш билеген бірнеше шетелдіктің Қазақстанның мемлекеттік туын мазақ еткенін көруге болады.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жағажайда жалаңаш күйде туымызға құрметсіздік жасаған шетел азаматтарының өрескел әрекетін қатаң айыптайды», – делінген мәлімдемеде.
Мүфтият Исламда мемлекеттік маңызы бар рәміздерге мән берілгенін атап өтті.
«Хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалаудың қадірі мен құрметі жайлы арнайы тарау арнаған. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туды және ту ұстаған сахабалардың ерлігін ерекше атап өткен және оны құрмет тұтудың маңызы жайында тағылымды өсиетін қалдырған», – деді ҚМДБ-дан.
Отан деген сөз кез келген азамат үшін қымбат ұғым болса, әр адамның өзге елден ерекшелеп тұратын Әнұраны, Елтаңбасы мен Туы да – құрметке лайық құндылықтар. Туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалғанда орнымыздан тұрып, құрмет көрсетуіміз – шариғатта құпталған іс, деп түсіндірді діни басқарма.
«Туға, әнұранға, елтаңбаға құрмет көрсету – өз еліміз бен жерімізге, рәміздерге құрмет көрсету. Алла Тағала көк туымыздың әрдайым көкте желбіреп тұруын, мемлекеттік рәміздеріміздің абыройын асқақтатып, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүруін нәсіп еткей», – деп түйіндеді ҚМДБ.
03 қараша 2020 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области