Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мүфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады

Мүфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге түсіп тұр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Яғни, 30 шілде – Арапа күні, 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.
"21 шілде –зұлқағда айының соңғы күні. 22 шілде – зұлхижжа айы басталады. Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Арапа күні ораза тұту – сүннет", - деп мәлімдеді діни басқарма.
Бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров карантин режимінің ұзартылуына байланысты мешіттердеайт намазы оқылмайтынын айтқан болатын.
"Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз", - деді Оңғаров.
Алайда қазақстандықтар Құрбан айтта құрбандық малын қашықтан тапсырыс беру арқылы шала алады. Құрбандық малы 31 шілдеде таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады.
Сайт арқылы қазақстандықтар ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады.

22 шілде 2020 ж. 416 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области