Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРБАН АЙТ 21 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРБАН АЙТ 21 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.
Арапа - қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту - мұстахаб (жағымды) амал.
Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.
Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу - уəжіп, мұсылмандық міндет.
Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.
14 тамыз 2018 ж. 961 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области