Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ершат Оңғаров: Құрбандық малын қашықтан шалуға да болады

Ершат Оңғаров: Құрбандық малын қашықтан шалуға да болады

Kyzylorda-news.kz. Құрбандық малын шалуды қашықтан орындауға болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров мәлімдеді.
«Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша, биылғы құрбан айт Алла қаласа 31 шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін содан 10 күн бұрын жариялап айтамыз», - деді ол.
Наиб мүфти Құрбан айт мейрамы кезінде қатаң шектеу шаралары созылатын болса, онда басқарма тарапынан нақты жұмыстар қолға алынатынын айтты.
«Естеріңізде болса, Ораза айт кезінде карантинге байланысты айт намазы оқылмаған болатын. Бұл жағдайда да шектеу шаралары созылатын болса, айт намазын өкінішке қарай мешітте оқи алмаймыз. Алайда Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса да, тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Алла қаласа, біз оған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, бұл ретте жергілікті әкімдік тарапынан реттеу жұмыстары болады. Құрбандық шалу уақытына келер болсақ, биыл 31 шілде деп отырмыз. Сол күні таңнан бастап үш бойы күн батқанға дейін құрбандық шалуға болады. Шариғат құрбандық шалуды барлық адамға жүктемейді. Тек жағдайы бар адамдарға ғана құрбандық шалу міндеттеледі», - деді наиб мүфти.
03 шілде 2020 ж. 259 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области