«Құрбан айт – мал сою шарасы емес» - Бас мүфти
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз құрбандық – мал сою шарасы ғана емес, халықтың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін айтулы мереке екенін жеткізді.
"Бұл – Алла Тағаланың бізге тарту еткен мерекесі. Мұсылман баласының құлшылық амалдары жамағатпен және ауызбіршілікпен атқарылады. Құрбан айт соның үлкен айғағы. Бұл мереке исі мұсылманның бірлігі мен берекесін тағы да паш ете түседі. Біз пайғамбарымыздың және сахабалардың (көпшіліктің) жолын ұстанушы үмбетпіз. Қажылық, құрбандық, жамағатпен оқылатын намаздар және тағы басқа игі амалдар мұсылманды бірлікке тәрбиелейді", - дейді бас мүфти.