Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдымен, Бас мүфти биылғы Рамазан айының қай уақытта басталатынын айтты.
"Шариғаттың барлық талабын негізге алдық. Еліміздегі астрономиялық зерттеу орталықтарының ғылыми мәліметіне сүйендік. Сондықтан осы жылы Рамазан айы 6 мамырдан басталады. Ал Айт мерекесі 5 маусымға тура келеді. Қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келеді. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады", - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.
Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз пітір садақаның мөлшерін айтты.
"Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен биылғы жылдың Рамазан айында кісі басына пітір садақаның мөлшерін белгіледік. Яғни еліміздегі азық-түліктің оның ішінде бидай мен ұнның орташа есебін ала отырып, жан басына шаққандағы пітір садақаның мөлшерін 300 теңге деп белгіленді", - деді Бас мүфти.
Серікбай қажы Ораз барша қазақстандықтарды қасиетті айда игілікті істер жасауға шақырды.
"Рамазан – қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Алланың ризашылығы үшін әрбір мұсылман өзінің нәпсін тыйып, 30 күн бойы ораза ұстап, ішуден жеуден тыйылса, оразаның сауабы есебінен оның күнәсіне кешірім болады. Сондықтан қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында көптеген қайырымдылық іс-шараға белсене қатысуға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін Серікбай қажы Ораз.
02 мамыр 2019 ж. 532 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области