Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түлектер пулы: Қызылордалық мемлекеттік қызметшілерді оқытады

Түлектер пулы: Қызылордалық мемлекеттік қызметшілерді оқытады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Болашақ» бағдарламасы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің арнайы пулы құрылды. Түлектер пулы шетелде және Академияда алған білімдері мен тәжірибелерін облыстағы мемлекеттік қызметшілермен бөлісетін болады.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Академияның облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған онлайн кездесуде мәлім етілді.
Кездесу «Болашақ» бағдарламасының құрылған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған стипендия Елбасы шешімімен 1993 жылғы 5 қарашада тағайындалған.

Департамент басшысы Рафхат Бисеновтің айтуынша, мұндай бастама аймақта алғаш рет қолға алынып отыр.

«Кездесудің мақсаты шетелде және Мемлекеттік басқару академиясында білім алған мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін пайдалану. Осы мақсатта аталған түлектердің қатарынан арнайы пул, яғни тренерлер тобын жасақтаймыз. Олар өз кезегінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында шеберлік сабақтарын өткізеді», – деді Р.Бисенов.

Шеберлік сабақтары Академияның облыстық филиалы базасында жүзеге асырылады. Бір сөзбен айтқанда, «Өзгерістер агенті» деген атауға ие болатын түлектер жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді дайындауға атсалысады.

«Филиал базасында жыл сайын 600-дей мемлекеттік қызметші түрлі курстардан өтеді. Олардың қатарында біліктілігін арттырушылармен қатар мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқандар бар. Түлектер пулының өз тәжірибелерімен бөлісуі білікті мамандар дайындауға ықпал етеді. Алдағы уақытта «Академия және Болашақ түлектері: ынтымақтастық және бастамалар» тақырыбында облыстық семинар өткізуге уағдаластық. Аймақтағы мемлекеттік қызмет аппаратының кәсібилігін арттыратын «Идеялар фабрикасын» құру жоспарлануда», – деді Академия филиалының директоры Мұрат Әйтімов.

Сонымен қатар, пул мүшелері облыстың қоғамдық өміріне де белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта қайырымдылық акцияларына, еріктілер шараларына қатысатын болады.
09 қараша 2020 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области