Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында Сыр өңірінде жоғары оқу орындары түлектері үшін «Мемлекеттік қызмет мектебін» ашты.
Қазіргі таңда жаңа мектепке қабылдау шаралары белсенді жүріп жатыр. Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.
Аталған бастама аясында, жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Болашақ университеті, Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде мемлекеттік қызмет мектебінің міндеттері мен мақсаттары таныстырылып, тестілеу бағдарламасына қажетті нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыттары туралы айтылды.
«Мемлекеттік қызмет мектебіне жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері қабылданады. Мақсатымыз – келешегін мемлекеттік қызметке арнағысы келетін жас маманның ЖОО дипломымен бірге мемлекеттік қызметтің талап-дағдыларын да қоса меңгеріп шығуына көмектесу», – деді Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Сондай-ақ, аталған мектепте жас мамандарды мемлекеттік қызмет саласындағы реформалармен таныстырып, нақты іс-тәжірибеге бағытталған көмек береді. Айта кетейік, облыста мемлекеттік қызмет мектебінде оқуға қазірдің өзінде 100-ден астам жоғары курс студенті ниет білдіріп отыр. Олар арнайы сынақтан өткеннен кейін ғана Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалында шеберлік сабақтарын алатын болады.
Мектепте үш ай оқу барысында студенттер білім алумен қатар мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтеді. Оқу бітірген түлек бакалавр мамандығымен қатар «Мемлекеттік қызметкер» сертификатын алады. Бұл құжат жас мамандардың «Б» корпусының ең төменгі лауазымдарына жарияланған конкурстарына қатысуына мүмкіндік береді.



27 қыркүйек 2018 ж. 637 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области