Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Стойчо Младенов «Қайсардан» кететін болды

Стойчо Младенов «Қайсардан» кететін болды

Kyzylorda-news.kz. Болгариялық Стойчо Младенов алдағы жылы Қызылорданың «Қайсар» командасындағы бас бапкер қызметінен кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стойчо Младенов 1957 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. 1975-1994 жылдар аралығында Болгария және Португалияның бірқатар клубтарында ойын көрсетті.

1978-1988 жылдар аралығында Болгария ұлттық құрамасында 59 мәрте жасыл алаңға шығып, 15 голдың авторы атанды. 1991 жылдан бастап Португалия, Болгария, Грекия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде бапкерлік қызмет атқарды.

2016 жылы қазақстандық «Атырау» командасына бапкерлік жасады. 2017 жылдан бері «Қайсар» командасының тізгінін ұстап келді. Былтыр қызылордалық клуб Қазақстан кубогына ие болып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасында ойын көрсетті.
10 қараша 2020 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области