Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫНА ТАҒЫ БІР ШАБУЫЛШЫ КЕЛДІ

«ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫНА ТАҒЫ БІР ШАБУЫЛШЫ КЕЛДІ


Қызылорданың «Қайсар» командасына жаңа шабуылшы келді. Қазақстандық жанкүйерлерге есімі жақсы таныс Игорь Зенькович енді қызылордалық клубтың намысын қорғайтын болады.
Биыл 30 жасқа толған форвард Беларусьтің Минск қаласының «Олимпик» командасының түлегі. Сол елде Борисовтың БАТЭ, Минскінің «Дарида» және «Динамо», Могилевтің «Днепр», Түркияның «Элязыгспор» клубтарында ойын көрсетті.
Қазақстанда «Ақжайық», «Шахтер», «Ақтөбе», «Тобыл», «Тараз» және «Атырау» командаларының жейдесін киді. Игорь Зеньковичтің қазақстандық азаматтығы да бар.
«Биыл «Қайсар» тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп келеді. Сондықтан алдымызға үлкен мақсаттар қоямыз. Сол мақсатқа жетуге күш саламыз», - деді Игорь Зенькович.
«Қайсар» Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде турнир кестесінде 21 ұпаймен 8-орында келеді. Қызылордалық клуб 28 шілдеде өз алаңындағы 20-турда Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдайды.
26 шілде 2018 ж. 642 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области