Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТОНДАҒЫ ТАҢБА АҚПАРАТ БЕРЕ АЛАДЫ

ТОНДАҒЫ ТАҢБА АҚПАРАТ БЕРЕ АЛАДЫ


       Таңба – бұл әрбір тері бұйымына берілетін бақылау идентификациялық белгi. Тері бұйымдарын таңбалау туралы жоба өткен жылдың қараша айында ендірілген болатын. Ондағы мақсат – тұтынушыларды жалған тауардан, ал рынокты контрабандалық тауардан қорғау.
        Таңбалау арқылы сатылымдағы әрбір тері бұйымы туралы ақпаратты білуге болады. Терінің түрі, өндірушісі, бренді, сатушысы – осының барлығы таңбада көрсетіледі. Яғни, сатып алушы сапалы, нағыз теріден тігілген бұйымды қателеспей таңдай алады.
       Бақылау идентификациялық таңбаның әрқайсысы 400-500 теңге шамасында тұрады. Тері тондарын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің ақпан айының аяғына дейін барлық қолда бар тауарын таңбалап алуға уақыты бар.
        Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауарлар таңбалау бойынша пилоттық жоба 2016 жылы енгізілуі қажет болатын. Алайда, 2016 жылдың қазан айында Минскіде өткен Евразиялық үкіметаралық кеңесте тері тауарларын таңбалау туралы келісімнің күшіне енуін 2018 жылдың соңына дейін созу туралы хаттама толтырылды.
         Бұл талап кәсіпкерлікпен шұғылданушыларға, яғни тері бұйымдарын өндіруші, әкелуші және сатушы тұлғаларға  арналған.
        Қызылорда облысы бойынша кірістер департаментінің баспасөз қызметі

10 ақпан 2018 ж. 803 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области