Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқауы өтті

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқауы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқауының қорытындысы өтті.

Маңызы жоғары жобаны іске асыруда жыл басынан бастап облыс көлемінде түрлі форматта іс-шаралар өткізілді. Онлайн форматта ұлттық және спорттық ойын түрлерінен жарыстар, байқаулар ұйымдастырылды. Жобаға тартылған 500-ден аса жастар қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің маңыздылығын жете түсінді.

«Асыл сөз» мектебі» бағдарламасы аясындағы облыстық «Тіл мерейі» байқауына 6 оқушы қатысып, бақ сынасты. Бірінші кезеңде оқушылар Отан, тіл, патриотизм тақырыптарында эссе жазды. Екінші кезеңде қойылымдық мәнерлеп оқу сайысында қатысушылар қазақ ақындарының шығармасынан үзінді оқыды. Ал, үшінші кезең «Ораторлық өнер» сайысында оқушылар берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытты.

Байқау барысында әділ-қазылар қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді. Үш кезеңнің нәтижесі бойынша I дәрежелі дипломды №233 орта мектебінің оқушысы Алия Шарипаева, II дәрежелі дипломды №3 IT мектеп-лицейінің оқушысы Алина Ким, III дәрежелі дипломды №5 мектеп-лицейінің оқушысы Карина Черепанова қанжығасына байлап, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ендігі кезекте әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша іріктеуден өткен оқушылар Нұр-Сұлтан қаласында онлайн жүйеде өтетін «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды шарасына қатысады деп күтілуде.
13 қараша 2020 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области