Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысына 161 мың тонна көмір келді

Қызылорда облысына 161 мың тонна көмір келді

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылу маусымына облыс тұрғындарына 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қазір соның 161,2 мың тоннасы келді. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 жинақтау қоймасы бар. Бесеуі Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда.
«Аймақта жылу 10-шы қазаннан бастап берілді. 1185 әлеуметтік нысан және 800-ге жуық тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Орталықтандырылған жүйеге қосылған әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылытуға 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын қажет. Бұл тұрғыдан ешқандай мәселе жоқ. Ал көмір тасымалдаушы мекемелермен келісім жасалған. Барлығы кестеге сәйкес жеткізіліп жатыр», – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.
13 қараша 2020 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области