Қызылордада 2 инвестициялық жоба бойынша меморандумға қол қойылды
Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен инвестициялық жобалар бойынша мәжіліс өтті.
Жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен инвесторлар қатысты. Онда өңірде экспортқа бағытталған 2 инвестициялық жоба таныстырылып, жүзеге асырушы компания құрылтайшыларымен меморандумға қол қойылды.
Жоба құны – 26,8 млн евро. Жалпы жобаны жүзеге асыру барысында 500-ге дейін жұмыс орынын ашу көзделуде. Мақсаты Қазақстанның түрлі облыстарында қойылтылған томат пастасын өндіру бойынша толық циклді зауыт құру болып табылады. Құрылтайшысы «Orbis Agro» компаниясы.
Аталмыш серіктестік республикаға белгілі «Orbis Kazakhstan» ЖШС-нің ауылшаруашылық бағытында қызмет көрсететін еншілес компаниясы.
Екінші жоба – Шиелі ауданында жаңбырлатып суару әдісімен 10 мың га жерге жоңышқа егу жобасы. Жүзеге асыратын «Тың Өріс» ЖШС.
Жоба аясында Шиелі ауданында пайдаланылған ағын суды қайта қолдану арқылы жаңбырлату тәсілімен 10 мың гектарға жоңышқа дақылын егу қолға алынады.
Сонымен қатар жоба өңірімізге 10,6 млн. АҚШ доллары инвестиция тартуға, өнімін экспортқа шығаратын өңдеу кәсіпорнын ашуға бағытталады деп жоспарлануда. Жүзеге асыру барысында 200 адам жұмыспен қамтылады.
Облыс әкімі жауапты сала басшылыларына өндіріс зауыттарын салатын инфраструктурасы қамтылған жер учаскелерін белгілеуді, қажетті инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жүргізуді, индустрияландыру картасына енгізуге өңірлік үйлестіру кеңесінде жеделдетіп қарауды және аталған инвестициялық жобалардың толық іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен инвесторлар қатысты. Онда өңірде экспортқа бағытталған 2 инвестициялық жоба таныстырылып, жүзеге асырушы компания құрылтайшыларымен меморандумға қол қойылды.
«Бүгін қарастырылып отырған екі жоба да салаға жаңа серпін береді деп санаймын. Пайдаланылған суды екінші рет қайта қолдану және жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдістерін кеңінен пайдалану есебінен біз әртараптандыруға бағытталған жұмыстарымызды жетілдіре түсеміз. Сондықтан, бұл бағыттағы егін орналастыру көлемі мен мал азықтық дақылдар үлесі ұлғайтылатын болады. Ұсынылып жатқан жобаларды қолдап жүзеге асыруымыз қажет», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Бірінші жоба – «Қызылорда AGRO PLUS» ЖШС-нің «Жаңақорған ауданында тамшылатып суару әдісімен 3 мың га жерге өндірістік негізде қызанақ дақылын өсіру» және куаттылығы жылына 15 мың тонналық концентрленген қызанақ пастасын өндіретін зауыт құрылысын инвестициялау жобасы.Жоба құны – 26,8 млн евро. Жалпы жобаны жүзеге асыру барысында 500-ге дейін жұмыс орынын ашу көзделуде. Мақсаты Қазақстанның түрлі облыстарында қойылтылған томат пастасын өндіру бойынша толық циклді зауыт құру болып табылады. Құрылтайшысы «Orbis Agro» компаниясы.