Қызылордада жемқорлыққа қарсы екі жақты меморандумға қол қойылды

Жоба аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 53 өтініш келіп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Оларды қарау нәтижесімен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіріп, кедергі жасағаны үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 1 лауазымды тұлға әкімшілік және 1 тұлға қылмыстық жауапкершіліктерге тартылды.
«Protecting bussines and investments» жобасы аясында 2020 жылғы 27 ақпанда «Antikor» сервистік орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов жобалық құны 169 млн теңге болатын «МТС АС Агро» ЖШС бас директоры Жанұзақ Баймановпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімене және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған 19 меморандумға қол қойылған.
