Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офисте инвесторлармен кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офисте инвесторлармен кездесу өтті

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис алаңында отандық инвесторлармен кездесу өткізіліп, инвесторлар құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы таныстырылды.
Кездесуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев ашып, ол мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға тоқталды.
Облыстық департаментің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаны таныстыра отырып, осы жоба аясында құрылған фронт офис бизнес субъектілерімен тығыз байланыс орнатуда үлкен маңызды қызмет атқарып жатқандығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 12 өтініштер түсіп, оның 8-і өз шешімін тапса, қалған 4 –і қаралу үстінде.
Кездесу барысында отандық инвесторлар «Шалқия цинк», «GTL – Қазақстан» және «Сыр маржаны» серіктестіктерімен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімдерге қол қойылды.                                                                    

08 қараша 2018 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области