Қызылорда облысында биыл тұрақты 14 мың жұмыс орны ашылған
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл басынан бері 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Ал, оның 14 мыңы – тұрақты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
«Тұрақты табыс пен халықтың өмір сүру сапасы – бұл біздің ең маңызды басымдықтар. Осы жылға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында жалпы сомасы 38,9 млрд.теңгеге 277 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, бұл 9,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды», – деді Г.Әбдіқалықова.