Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Kyzylorda-news.kz. Биыл аймақта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 9463 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5513 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 90,7 пайызға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.
«2021 жылы Жұмыспен қамту Жол картасы бағдарламасы өз жалғасын табатын болады. Қаржыландыру лимиті 14,6 миллиард теңге көлемінде. Оның 25 пайызы шағын несиелендіруге бағытталмақ. Келесі жылы тұрақты жұмыс орындарын құрумен қатар шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық беріледі. Биыл 17602 жаңа жұмыс орынын ашу көзделсе, жоспар артығымен орындалып, 19805 тұрғын еңбекпен қамтылды. Оның 14761 тұрақты»,- деді Гаухар Амангелдіқызы.
Айта кетсек, облыс бойынша 2020 жылдың 3 тоқсанында жұмыспен қамтылған халық саны – 329700 адам. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,2 пайызды құрайды.
18 қараша 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области