Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта 10 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Жалағашта 10 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі «Дәуімбай» учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс «Иман» ЖШС-нің көмегімен іске асырылуда. Нысанның құрылысы мамыр айында басталған. Арендалық 10 тұрғын үйдің жалпы құны 115 328,7 млн теңгені құрап отыр. Жоспар бойынша қараша айында қолданысқа беріледі.
Сонымен қатар, Жалағаш ауданында Мақпалкөл ауылдық округінде №117 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Конкурс бойынша жеңімпаз «Real Story Invest» ЖШС атанып, 71 адам жұмыспен қамтылады. Оның ішінде 36 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы.
Ал 560 спортшы шұғылданатын «Наркескен спорт клубы» КММ ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы арқылы 10 адам жұмысқа тартылды. Оның 5-уі жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды.
Еске сала кетейік, аталған нысандардың құрлысы облыстық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында жүзеге асырылады.
17 маусым 2020 ж. 210 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области