Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда 4 жолақты жолдың құрылысы салынып жатыр

Қазалыда 4 жолақты жолдың құрылысы салынып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы автомобиль жолын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба барысында 7 шақырым автомобиль жолын 4 жолаққа дейін кеңейту, 2 темірбетон көпірін, 2 су өткізгіш құбырын қайта жаңғырту, жарық шамдар мен аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, әр бір жүру жолағы 3,5 метр және автобус аялдамасына арналған алаң, жол қиылыстарын салу қарастырылған.

Жобадағы жұмыс ауданның көше-жол торабының қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту және қалпына келтіруге арналған. Жобаны іске асырған жағдайда автожолдың қызмет көрсетуі жақсарып, жол жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС жүргізіп жатыр.
25 қараша 2020 ж. 126 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области