Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінбек

Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінбек

Kyzylorda-news.kz. Алдағы уақытта педагог мамандарға сұраныс артып, мұғалімдердің жалақысы екі есе көбейеді.

Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы екі есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы бір жарым есе көбейіп, алдағы 5 жыл ішінде білім гранттары 50 процентке артатынын да педагогтар құптап отыр. Партия құрылтайына онлайн форматта қатысқан қызылордалықтар сондай-ақ ел аумағында жаңадан 800 мектеп салынып, апатты және үш ауысыммен оқытатын білім ошақтарының мәселесі толық шешілетініне қуанышты. Бұл ретте алдымен ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінбек. Сонымен қатар жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген, заманауи зерттеу университеттерінің ашылуы сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді дейді ағартушы құрам өкілдері.

«Назарбаев университеті іспеттес 2 өңірлік зерттеу университеті ашылады деген ұсыныс біз үшін алға ұмтылуға яғни университетті ғылыми-зерттеу бағытында жұмыс жасауға үлкен серпін береді деп есептеймін», – дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

25 қараша 2020 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области